Алматы жаңалықтары

Жаңа қызмет: онлайн отбасылық кеңес беру

Енді отбасылық психологтың кеңесін онлайн алуға болады.

Жаңа қызмет: онлайн отбасылық кеңес беру

Алматы қаласының Отбасын қолдау орталығы отбасыларға арналған онлайн-консультация қызметін іске қосты. Енді психологпен алғашқы кездесуді орталыққа келмей-ақ өткізуге болады.

Қабылдауға жазылу үшін сайттағы өтініш формасын толтырып, байланыс нөмірін қалдыру жеткілікті. Орталық маманы өтініш берушімен хабарласып, қолайлы уақытты келіседі.

Консультациялар құпия әрі тегін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда отбасы заңгерге немесе әлеуметтік қызметкерге де бағытталады.

Барлық жаңалықтар